Соңғы жаңалықтар
Бөбекжайымыздың жоспарындағы кезекті №4 педагогикалық кеңесі өтті. Педкеңесті бөбекжай директоры Гульнара Зияшовна бастап ,күн тәртібіндегі басты мәселелермен таныстырды.Оның ішінде атап айтар болсақ бөбекжайдың заттық дамытушы кеңістігін толықтыруды ,баланың қауіпсіздігін басты мәселе ретінде қарастырып бірнеше тапсырмалар беріліп орындалысын өз бақылауында ұстайтыны хабарланды.
Күн тәртібіндегі тағы да өзекті мәселе “Ұстаз платформасына” біліктілік санатына өтініш берген педагогтерге қандай құжаттар жиналуы,ондағы ескерілуі керек жәйттармен бөбекжай әдіскері Назгүл Оразовна кеңес беріп өтті.
Және де бөбекжай педагогтері жоспарындағы берілген тақырыптар бойынша өз кеңестерін,баяндамаларын ,шебер сыныптарын көрсетті.
Педкеңес соңында шешім шығарылып бөбекжайішілік ұйымдастырылған сайыстарда жеңіске жеткен педагогтерді марапаттау рәсімі болды.
23-тамыз күні 2025ж. №60 « Ертөстік» бөбекжайында жас мамандарды жұмысқа қабылдау бойынша комиссия отырысы болып өтті.
Конкурсқа құжаттарын тапсырған үміткерлер өз папкаларын ұсынып ,комиссия мүшелерімен бірге конкурстық балдарын есептеді.Бос лауазымға,тәрбиеші маманы бойынша
Қазақбаева Г.О
Ахназарова Т.М жас мамандар конкурстан өтті деп жариялансын.
«Анам,әкем және мен ,тату-тәтті отбасымыз” тақырыбында ұйымдастырылған бейнеролик байқауында жеңіске жеткен тәрбиеленушілер:Көрермен көзайымы номинациясымен: Валихан Рауан (мазмұнды видеоролик)3-орын :Райымбекқызы Алиша (15 мыңның үстінде қаралым саны бойынша)2-орын: Бердібек Азиз , (8 мыңның үстінде комментария)Және де 1-орын ,Бас жүлде иегері :Назарқожа Аяла ( 24 мыңнан аса лайк ,ең көп комментарий ,ең көп просмотр )Сайысқа қатысушы бүлдіршіндердің барлығына алғыс хаттар табысталды.Барлық қатысқан топ бүлдіршіндері мен ата-аналарына алғыс білдіреміз(Алғашқы ұйымдастырылып жатқан видеоролик сайысы болғандықтан біздің тарапымыздан ескерілу керек жәйттар болды,”көш жүре келе түзеледі”-демекші болашақта ескеріледі деп уәде береміз.👏👏👏Әрдайым отбасыларыңыздан береке кетпесін,Ата-аналарыңыздың үлгілі ,тәртіпті ,тәрбиелі балалалары боп аман-сау өсе беріңіздер. Жеңісті күндеріңіз көп болсын👏👏👏
Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді.
Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз! Ата аналар мен тәрбиеленушілердің дайындаған көрмесі.
03.10.2025 ж күні «Ертөстік »бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес «Әкелер мектебі» жобасы аясында бөбекжайымыздың топтары арасынан жинақталған бір топ әкелер өз балаларымен , Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына танымдық саяхат жасады.
Сапар барысында әкелер кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен және қызмет көрсету бағыттарымен танысты. Сонымен қатар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және отбасыдағы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары талқыланды. Кітапхана қызметкерлері қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, жаңа әдебиеттер мен балаларға арналған қор жайлы ақпарат берді. Шара соңында әкелер қауымы бөбекжай директоры, Г.З. Шингалиеваға ,бөбекжай әдіскері ,Н.О.Кажапиеваға және осы шараның басы-қасында жүрген бөбекжай мамандарына өз алғыстарын білдіріп жатты.
«Кітапқа қызығатын ұрпақ тәрбиелеуде,біріге жұмыс жасаймыз»-деп қорытындылады.
Бұл шараның негізгі мақсаты – әкелердің тәрбиелік үдерістегі белсенділігін арттыру, баланың рухани дамуына ықпал ету және отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
09.10.2024 жылы «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде №42 «Түймедақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК , №44 «Шаттық» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №14 жалпы білім беретін орта мектеп арасындағы «Мектеп – бақша» бірлескен серіктестік тобының бағдарламасы аясында «Біздің шебер қолдар» ата-аналармен, педагогтермен жаңа технология бойынша ойындар жасақтау тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.
Әр педагог пен ата-ананы төрт үстелге асықтың түстері арқылы бөліп отырғызды. Барлық мамандарды таныстыру үшін ең алдымен «Кел таныс болайық!» шеңбері ұйымдастырылды.
Мамандарға төрт асықпен ойын түрін жасау ұсынылды. Барлық қатысушылар қызығушылықпен ойындарды жасап шықты және өздерінің ойларын айтып өтті, соның ішінде балалармен жұмыс жасағанда пайдасына көбірек тоқталды.
Қатысушылар шаршап қалмас үшін, қимылды ойын өткізілді. Әр бір ойынды жасау үшін тәрбиеші Қ.Утесинова көрсетіп бағыт-бағдар беріп отырды.
Бөбекжайымыздан қатысқан педагогтер: С.Демесбаевна А.Жұмабайқызы, Г.Ашыгалиевна белсенділік танытып, балаға пайдасы көп екенін айтып , алғыстарын білдірді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында асықтармен жұмысты жасау мамандар үшін жауапты болды. Әр бір ұлттық құндылыққа толы ойынды жасап болып, мамандар өздері ойнап көріп, мәре-сәре болды.
Шебер сынып соңында мамандар және ата-аналар ойларын білдіріп, жасаған ойын құралдарымен суретке түсіп, өздеріне алар мағлұматтың көп болғандығын айтып кері байланыс жасалды
Бөбекжайдың консультативтік пунктінің қазан айындағы жоспарына сай :бөбекжай психолог маманы Амангүл Құраққызы ата-аналарға “Баланың сенсомоторлық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау” тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді
Бөбекжайымыздың жоспарындағы “Біртұтас тәрбие” бөлімі бойынша қазақ тілі маманы Светлана Демесбаевнаның ата-аналармен бірлесе өткізген іс-әрекеті ұйымдастырылды.Өткізілген іс-шара тақырыбы: “Жанұяда балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдану. “ Мақсаты:балалардың ойлау дұрыс сөйлеу қабілеттерін ертегілер,мақал-мәтелдер,тақпақтар арқылы сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Келген ата-аналар да дөңгелек үстелде саусақ театрын өздері пайдалана отырып ертегі кейіпкерлерін сомдап , қойылымға бірлесе қатысты.
Барша Қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!
4 бет. Барлығы: 5