№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бөбекжайымыздың жоспарындағы кезекті №4 педагогикалық кеңесі өтті. Педкеңесті бөбекжай директоры Гульнара Зияшовна бастап ,күн тәртібіндегі басты мәселелермен таныстырды.Оның ішінде атап айтар болсақ бөбекжайдың заттық дамытушы кеңістігін толықтыруды ,баланың қауіпсіздігін басты мәселе ретінде қарастырып бірнеше тапсырмалар беріліп орындалысын өз бақылауында ұстайтыны хабарланды.

Күн тәртібіндегі тағы да өзекті мәселе “Ұстаз платформасына” біліктілік санатына өтініш берген педагогтерге қандай құжаттар жиналуы,ондағы ескерілуі керек жәйттармен бөбекжай әдіскері Назгүл Оразовна кеңес беріп өтті.

Және де бөбекжай педагогтері жоспарындағы берілген тақырыптар бойынша өз кеңестерін,баяндамаларын ,шебер сыныптарын көрсетті.

Педкеңес соңында шешім шығарылып бөбекжайішілік ұйымдастырылған сайыстарда жеңіске жеткен педагогтерді марапаттау рәсімі болды.