№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Шингалиева Гульнара Зияшовна

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№60 «Ертөстік» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК директоры

Жалпы еңбек өтілі 29 жыл, мамандығы бойынша еңбек өтілі 23 жыл 6 ай,

Санаты – басшы-ұйымдастырушы (2023жылы), «педагог –сарапшы» (2021жылы алды)

№14 «Айгөлек», №26 «Қарлығаш» балабақшаларда жұмыс жасады. 2022жылдың 27 мамырынан бастап ЖБҚ МКҚК «№60 «Ертөстік» бөбекжайында жұмыс жасайды.

 

МКҚК №60 «Ертөстік» балабақшасы

Жұмыс мақсаты:

Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын интеллектуалды және жан – жақты дамуына, баланың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасау; Әр баланың жеке дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен қарым-қатынаста психологиялық жайлылық атмосферасын құру.

Балабақшаның басымдылық бағыты:

Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік және интеллектуалды дамуы

Балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың даму кезеңіндегі 2021-2022 оқу жылы жұмыстарына талдау жасап, келесі 2022–2023 оқу жылына жылдық міндет алынды.

 

Тұған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен таныстыруда балалардын бойында адамгершілік-патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.