“Барлығына қолжетімді сапалы білім “ Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде №60 «Ертөстік» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК №14 жалпы білім беретін орта мектеп арасындағы «Мектеп – бақша» бірлескен серіктестік тобының жоспары бойынша №60 “Ертөстік” бөбекжайы ЖБҚ МКҚК әдіскері Кажапиева Н.О., педагогтар Кенжебаева А.Ж., Тулеева К.Б. және мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен мектепке саяхат жасады.Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Б.Е.Ерғалиева балаларды жылы қарсы алып, шолу экскурсиясын өткізді.Балалар мектеп кітапханасына, медициналық кабинетке, хореография залына және спорт залына барды. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар бірінші сынып оқушыларына арналған сабаққа қарап, өздері оқушылар рөлінде болды.Қуанышты әсермен балалар балабақшаға оралды. Олардың көпшілігі мектепке тезірек барғысы келетіндері туралы айтты. Мұндай шығармашылық достастық балаларды мектепте оқуға сәтті дайындаудың кепілі деп үміттенеміз.Мектеп ұжымына ақкөңілдік пен қонақжайлылықтары үшін, сондай-ақ мектеп әлеміне қызықты саяхат үшін зор алғысымызды білдіреміз!
#60сад #Ертөстік





