Бөбекжайымыздың жоспарындағы “Біртұтас тәрбие” бөлімі бойынша қазақ тілі маманы Светлана Демесбаевнаның ата-аналармен бірлесе өткізген іс-әрекеті ұйымдастырылды.Өткізілген іс-шара тақырыбы: “Жанұяда балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдану. “ Мақсаты:балалардың ойлау дұрыс сөйлеу қабілеттерін ертегілер,мақал-мәтелдер,тақпақтар арқылы сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Келген ата-аналар да дөңгелек үстелде саусақ театрын өздері пайдалана отырып ертегі кейіпкерлерін сомдап , қойылымға бірлесе қатысты.





