Соңғы жаңалықтар
Бөбекжайымыздың жазғы жоспарының кестесі бойынша 05.07 күні Астана күні мерекесіне орай Тақырыбы: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма!»атты музыкалық ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: балаларға баланың қиялын, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін және сөйлеуін дамытуға көмектесетін жаңа ойындар. Балалардың әуен тыңдау арқылы әуеннің көңіл – күйін, екпінін ажырату, әуенді қимыл – қозғалысты бере білуін жетілдіру. Үннің дауыс ырғағын ажыратуда баланың шығармашылық белсенділігін, берілген бейне туралы өз ойын анық, еркін жеткізуде баланың сөйлеу қабілетін дамыту.
Өткізген: ән-саз жетекшісі: Исагалиева Нургул Утеуовна және хореограф маманы: Бөжикен Динара Кенжебаевна
Бөбекжайдың жазғы жоспары бойынша 27.06 күні «Су патшасы-Сүлеймен» тақырыбындағы ойын-сауық мерекелік шарасы өткізілді.МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бүгін 24.06 күні «Қауіпсіз жаз» тақырыбында №9 «Қарлығаш» ересек тобында ҰІӘ өткізілді.Мақсаты:Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру. Балаларды жазғы табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, жаз мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу. Жаз өте ыстық мезгіл, сондықтан біз ең алдымен күн тиюден, сосын өрттен және судан сақ болумыз керек және бұл мезгілде біз бос уақытымыздың көбін сыртта далада ойнаумен өткізетіндіктен, жол көлік оқиғаларынан да сақ болуымыз керектігін түсіндіру.
Тәрбиеші: Ашықбаева Б.Т.
Бөбекжайымыздың жазғы жоспары бойынша бүгін «Ертегілер қонақта» бөлімі бойынша бөбекжай педагогтері мен тәрбиеленушілері «Жеті лақ» ертегісін сахналады. Балалар қызығушылықпен қарап отырды. Ертегі соңында кейіпкерлермен бірге би билеп көңіл көтерді.
Бала үні - болашақтың үні
Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын,
денсаульғын жіне дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.
Бугінгі кунді біз «Балалар уні» деп жариялап, әр баланың, үніне, арман-мақсатына ,қызығушылығы мен сүйіп айналысатын ісіне құлақ түрдік.
Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тис. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тулга ретінде кабылдау - саналы урпак тәрбиелеудін бастауы. Балаларымыздын, арманы биік болса, болашакта еліміздің де еңсесі биік болары хақ! Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту - біздің азаматтық әрі адами парызымыз.
28.05.2025 ж «Ертөстік» бөбекжайының №5 ші педагогикалық кеңесі болып өтті.
Тақырыбы: «Оқу жылының қорытындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру»
Жаңа оқу жылына бағыт бағдарлау.
Педкеңесті бөбекжай директоры Гульнара Зияшевна жүргізіп жыл бойғы топтардың атқарған жұмыстарының есебімен танысты.
Бөбекжай әдіскері: Назгул Оразовна бөбекжайдың жылдық қорытындысымен таныстырды; «-Жалпылама айтқанда 3 рет облыстан дипломға ие болдық, 11 қалалық жүлделі орындарды иелендік, және де бірнеше қауымдастық пен жол картасы бойынша бірлескен ұйымдардың жеңімпаз дипломдарын бөбекжай қоржынына салған болатынбыз.»-деді.
Шешім:
1.2025-2026 оқу жылының жұмысын «жақсы» деп бағалау.
3.Жазғы кезеңге арналған балабақша жоспарын бекіту. Әртүрлі қызмет түрлерін ескере отырып, балаларға арналған қызықты жоспарлар ұйымдастыру.
1-маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын!Балалар аман болсын, денсаулықтары мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын! #60сад
Қалалық «Жауқазын» би байқауының жеңімпаздары.
Жетекшісі: хореограф маманы;Бөжікен Динара Кенжебаевна
Ағымдағы жылдын 20 мамыр куні калалык мектепке дейінгі мекемелердегі педагог-психологтар арасында «Уздік психолог - 2025» байкауы №60«Ертөстік» базасында өтті. Казылар алкасынын шешімі бойынша байкау женімпаздары марапатталды:
II орын - «Айшуак» санаториялык бебекжай
педагог-психологі Болатбаева Айгул Серикбаевна;
III орын- Nº35 «Балдырган» бобекжай педагог-
психологі Онгарова Нагима Жумадиловна;
«Креативті психолог» номинациясы бойынша
Nº57 «Акбота» бебекжай педагог-психологі
Нурсолтанова Омира Текебаевна;
«Шыгармашыл психолог» номинациясы
бойынша Nº46 «Балбулак» бебекжай педагог-
психологі Курмангазина Гулшат Курмангазыкызы;
«Ізденімпаз психолог» номинациясы бойынша
Nº17 «Куншуак» бөбекжай педагог-психологі
Ерханаева Макпал Муханбетовна.
Барлык женімпаздарды құттықтаймыз!
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
Міне біздің бөбекжай ғарышкерлер күніне орай бөбекжай ата-аналарымен бірлесе отырып “Ғарыш әлемі” тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрмеге барлық топ тәрбиеленушілері қол өнер бұйымдары мен салған суреттерін әкелді.
3 бет. Барлығы: 5