№60 «Ертөстік» бөбекжай

Ақтау қ. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

28.05.2025 ж «Ертөстік» бөбекжайының №5 ші педагогикалық кеңесі болып өтті.

Тақырыбы: «Оқу жылының қорытындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру»

  1. Бөбекжайдың 2024-2025 оқу жылының қорытындысы.
  2. Педагогтердің жұмысының есебі.
  3. Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.

Жаңа оқу жылына бағыт бағдарлау.

Педкеңесті бөбекжай директоры Гульнара Зияшевна жүргізіп жыл бойғы топтардың атқарған жұмыстарының есебімен танысты.

Бөбекжай әдіскері: Назгул Оразовна бөбекжайдың жылдық қорытындысымен таныстырды; «-Жалпылама айтқанда 3 рет облыстан дипломға ие болдық, 11 қалалық жүлделі орындарды иелендік, және де бірнеше қауымдастық пен жол картасы бойынша бірлескен ұйымдардың жеңімпаз дипломдарын бөбекжай қоржынына салған болатынбыз.»-деді.

Шешім:

1.2025-2026 оқу жылының жұмысын «жақсы» деп бағалау.

  1. Жаңа оқу жылында бөбекжай педагогикалық ұжымның басымдылық бағыты - мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытудағы заттық-дамытушы орта құруды жалғастыру.

3.Жазғы кезеңге арналған балабақша жоспарын бекіту. Әртүрлі қызмет түрлерін ескере отырып, балаларға арналған қызықты жоспарлар ұйымдастыру.