Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес жас мамандармен әдістемелік шара өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – «Ұйқыдан кейінгі жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі».
Шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға бағытталған ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларын тиімді ұйымдастыру жолдарын түсіндіру, жас мамандардың әдістемелік құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында ұйқыдан кейінгі жаттығулардың физиологиялық және педагогикалық маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, баланың ұйқыдан кейінгі ағзасын біртіндеп ояту, қан айналымын белсендіру, көңіл-күйін көтеру және келесі ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындау мәселелері қарастырылды.
Жас мамандарға жаттығуларды ұйымдастырудың келесі әдістемелік талаптары ұсынылды:
- жаттығулардың ұзақтығын жас ерекшелігіне сай жоспарлау;
- қимыл-қозғалыстың бірізділігі мен қауіпсіздігін сақтау;
- тыныс алу жаттығуларын енгізу;
- ұлттық қимылды ойын элементтерін кіріктіру;
- музыкалық сүйемелдеуді тиімді пайдалану.
Практикалық бөлімде сергіту жаттығуларының үлгісі көрсетіліп, қимыл-қозғалыс кешені тәжірибе жүзінде орындалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.





