27.11.2025 күні, Қараша айына белгіленген «Әкелер мектебі» жұмысы аясында МАД топтарының арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің дене белсенділігін арттыру, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, командалық ауызбіршілікті нығайту және әкелердің білім беру ісіне қатысуын кеңейту болды.
Сайыс барысында балалар «Арқан тарту», «Кім жылдам?», «Ақ серек – көк серек», «Теңге ілу», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар бойынша өз күштерін сынады. Әр ойынға әкелер белсенді қатысып, өз балаларына қолдау көрсетіп, жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Топтар өзара ұйымшылдық, шапшаңдық, төзімділік және ептілік танытты.
Сайыс соңында барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталып, жеңімпаз топқа арнайы жүлде табысталды. Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің рухани-мәдени құндылықтарды тануына, ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілігін арттыруға және әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты.





